$ 498.34  519.72  4.85

Гиганттар онлайн әрекеттерді қалт жібермей аңдиды – The Guardian

Бүкіл әлемдегі халық осы платформаларға тәуелді.

The Guardian «Техникалық гиганттар онлайндағы әр әрекетті аңдып отырады. Бұл адам құқықтарын бұзады», деп жазады Қазақпарат, The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

«Интернетке кіріп, Facebook-ті парақтап отырған адам өзі қызығатын салалар туралы жарнамалардың шығып тұратынын байқайды. Дегенмен, Интернетке қолжетімділік қазіргі замандағы адам құқықтарын жүзеге асыруда үлкен мәнге ие екені сөзсіз. Бүкіл әлемдегі халық осы платформаларға тәуелді. Бірақ, интернеттегі өз құқығын қорғауы үшін адамдар жүйеге бағынуы керек. Ал ол жүйе адам құқықтарына қиянат жасауы мүмкін», - деп жазады басылымның шолушысы.

Оның пайымынша, қазіргі таңда Facebook пен Google компанияларына интернетте адам құқықтарын бұзғаны туралы жиі айып тағылады. Сонымен қатар, бұл екі компания үкіметтік бақылауды күшейтуге атсалысатыны да айтылып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары