$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 5 баланың анасын өлтірген күдікті іздестірілуде

Шымкентте бес бірдей баланың анасын көлігімен қағып өлтірген жүргізуші осымен төртінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Күдікті ақ түсті шетелдік көлігінде болған, ол марқұмды қаққаннан кейін тек бірнеше секундқа кідіріп, ары қарай қашып кетіпті.

Ал, артында қалған бес баласы болса аналарынан айрылғандарына сене алар емес. Қайтыс болған 32 жастағы әйел оқиға болатын күні таңертең әдеттегідей жұмысқа кетіп, артынша одан қаралы хабар келіпті. Бақыткүл Әбдиева Шымкент базарларының бірінде нан сатумен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Куәгерлердің айтуынша, көлік қаққаннан кейін ол 18 метрге ұшып кетіпті. Алайда, жүргізушісі бірнеше секундқа тоқтап, көлігінен түспеген күйі қаша жөнелген.

Дәрігерлер Бақыткүлді құтқарып қалу үшін 20 сағат бойы күрескен. Алайда, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

"Дәрігерлер әйелімнің қолдары мен аяқтры сынып, бас сүйегінің мыжылғандыы,. миына қан кеткендігін айтты. Ал, жүргізуші болса ең болмаса көлігінен түсіп не болғанын да қаамаған. Бес бірдей бала қалды артында, не істерімді де білмеймін, бірақ осы бесеуі үшін енді өмір сүруім керек" дейді марқұмның күйеуі Айдос Ілиясов.

Айдостың өзі болса көзінің науқастығына байланысты мүгедектік алған, нақты жұмысы жоқ. Бірақ ол дәл қазір әйелін өлтірген жүргізушінің ұсталып, жазасын алғанын ғ,ана тілеп отыр. Полицейлер болса іздеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығын айтпай отыр.

Белгілісі, қанды оқиға болған жерде бірнеше бейнебақылау камерасы бар. Куәгерлер де жетіп артылады. Алайда, үш тәулік өтсе де тәртіп сақшылары күдіктіні ұстай алар емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары