$ 445.66  474.58  4.78

Қарағанды облысында 740 адам қар құрсауынан құтқарылды

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан трассада тұрып қалған адамдар пойыздармен тасымалданды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста қалааралық автомобиль және теміржол бойынша қозғалыс шектелді. Жергілікті атқарушы органдар мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ трассада қалған адамдарды, негізінен Оңтүстік Қазақстан тұрғындарын тасымалдау ұйымдастырылды. 29 желтоқсанда 740 адам Қарағандыдан шыққан пойыздармен Алматы бағытына қарай жөнелтілді», - делінген хабарламада.

Күннің екінші жартысында трассада қалған азаматтарды автобустармен Қарағандының теміржол вокзалына жеткізді. Сағат 17.00 «Қарағанды-Шымкент» пойызының қосымша вагондарында 300 адам тасымалданды. Тағы 140 адам сағат 18.12 № 52 «Қарағанды-Алматы» пойызымен Шу стансасына дейін жөнелтілді. Қалған 300 адам сағат 21.10 № 4 «Астана-Алматы-1» және № 45 «Павлодар-Алматы-2» пойыздары арқылы аттанды.

Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары