$ 447.4  477.55  4.76

Жаңаөзен мейрамханасында даяшылар уланып қалды

Қайғылы оқиға 24 қарашада 14.30-да Жаңаөзен мейрамханаларының бірінде болды.

Мейрамханада қызмет етіп жүрген 3 даяшы газдан уланды, деп хабарлады «NewTimes.kz».

Маңғыстау облысы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Жаңаөзен қаласында ЕДР-да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы «Еңбек қорғау ережелерін бұзу» бойынша тіркелді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда », - деп түсіндірді департамент өкілі.

Lada.kz басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Қайғылы оқиға 24 қарашада 14.30-да Жаңаөзен мейрамханаларының бірінде болды.

«Оқиға кезінде 2006 жылғы мектеп оқушысы және 2004 жылғы колледж студенті қайтыс болды. 2 даяшы Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының жансақтау бөліміндегі комаға түсті», - деп түсіндірді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары