$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда күдікті туысын өлтіріп, денесін жол жиегіне лақтырып кеткен

Кісі өліміне не себеп болғаны, сондай-ақ, басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Адам өлтіру) 99-бабында қарастырылған сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.

Алматы облысында полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының 31 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен марқұмның туысын ұстады, деп хабарлайды өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

23 қараша, сенбі күні Талғар ауданының тұрғындары Алатау-Тұздыбастау тасжолындағы арықтан зорлық-зомбылықпен өлтірілген жас жігіттің денесін тауып алған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Көп ұзамай, адам өлтірді деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жәбірленушінің алыс туысы болып шықты.

Кісі өліміне не себеп болғаны, сондай-ақ, басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Адам өлтіру) 99-бабында қарастырылған сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.

Қылмыс пышақ және темір құбырмен жасалғаны белгілі болды. Күдікті ер адам уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы