$ 494.87  520.65  4.91

Гонконгте оқып жатқан студенттер елге оралды

Тағы 17 тәлімгер жақын арада қайтады.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

32 студент өздерін қауіпсіз сезініп отырмыз деп, сонда қалуды ұйғарған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тағы 17 тәлімгер жақын арада қайтады. Айта кетейік, ондағы наразылық шараларына байланысты төтенше жағдай жарияланған жоқ. Сондықтан туристерге шектеу жоқ. Тек онда оқитын қазақстандық студеттер үшін сабақ келесі жылдың қаңтарына дейін тоқтатылып, қашықтықтан оқуға шешім қабылданды. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын жергілікті полицейлер тұтқындаған қазақстандық студентке қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі: 

– Оның әке-шешесі Гонконгке ұшып барды. Біздің дипломаттар ол жігітпен бірнеше рет кездесті. Тергеу изоляторында ұстауға ешқандай шағымы жоқ. Денсаулығы жақсы. Оған қажетті заттардың барлығы апарылды. Адвокат табылды. Енді тергеудің нәтижесін күтеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Гонконг