$ 442.05  474.14  4.74

«Өзінің ерні сондай»: Елеусінов екінші әйелінің келбетін сынаған оқырманымен сөзге кеп қалды

Ол екінші келіншегімен бірге қыдырып жүрген сәтінен желіге сурет жүктеді.

Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов алғаш рет екінші әйелін көрсетті.

Ол екінші келіншегімен бірге қыдырып жүрген сәтінен желіге сурет жүктеді. 

"Жексенбілік кеш!!! Демалыс күні керемет өтті! Ертең дайындықты жалғастырамыз", - деп жазды Елеусінов. 

Желі қолданушысының бірі «Ерніне ине салдырғаны болмаса, ештеңе емес» деп пікір қалдырған. Бұны оқыған спортшы "Ине салдырмаған. Өзінің туа бітті ерні осы. Бәрі солай ойлайды. Бірақ білмей айту күнә" деп жауап жазды. 

Айта кетейік, Елеусінов бұған дейін берген сұхбатында екінші рет үйленгені айтып, жеке өмірін құпия сақтағысы келетінін жеткізген болатын. Соңғы некесінен Мұхаммед атты ұлы да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары