26.11.2019, 10:00

Павлодарда сантехник ыстық суға күйіп қайтыс болды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қараша күні сағат 13:15-те Әуезов көшесіндегі үйдің жертөлесінде болған.

Тұрғын үйдің жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қаладағы пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) бірінің слесарь-сантехнигі қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға, Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қараша күні сағат 13:15-те Әуезов көшесіндегі үйдің жертөлесінде болған. Алпыс жастағы ПИК-тің слесарь-сантехнигі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық суға күйіп қалған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды, деп жазылған полиция ведомствосының баспасөз хабарламасында.