$ 494.87  520.65  4.91

«Бас инженер қорқады»: Нұр-Сұлтанда «Пирамида» қызметкерлері дәретханаға бара алмай отыр

Қызық осы тұста басталды, қабылдау бөлмесіндегі қыз бас инженердің аты-жөнін айтпаймын деді.

Ел «Пирамида» атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайында бірнеше күннен бері су жоқ. Дәретханалар кілттеулі. Мәселенің мән-жайын білу мақсатында ғимараттың бас инженеріне қоңырау шалдық. Алайда, ол бізге жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты, деп жазады «Айқын» газеті.

Қас қылғанда, бас инженердің өзі аты-жөнін айтып еді, диктофонға анық жазылмай қалыпты. Шаруасы басынан асып жатыр ғой, мазалай бермейік деп, қабылдау бөлмесіне қоңырау соғып, бас инженердің аты-жөнін сұрадық. Қызық осы тұста басталды, қабылдау бөлмесіндегі қыз бас инженердің аты-жөнін айтпаймын деді. Арадағы әңгіме төмендегіше өрбіді:

– Ол сізге жауап берген жоқпын деді, мен атын айта алмаймын.
– Бас инженердің аты-жөні құпия ақпаратқа жатпайды, неге жасырасыз?
– Мен сізге директорды қосайын, – деп оңай құтылды.

Директордың міндетін атқарушы Ділбар Әмірова бас инженердің журналистерден қатты қорқатынын мойындады.

Директормен әңгіме:
– Бас инженер мән-жайды сұрайық десек, ешқандай ақпарат бермеймін деп жатыр.
– Қорқады. Бәрі журналистерден қорқады.
– Неге қорқады? Судың жоқ екені рас па деген бір ғана сұрақ қойылды. Ол «возможно» деді.
– Ойымды дұрыс жеткізе алмай қаламын ба деп қорқады. Екінің бірі сауатты сөйлей алмайды ғой, түсініңіз, оның үстіне, ол – инженер. Құбыр желісінен басқаны білмейді.
– Сауатты сөйлеуге мамандықтың қатысы жоқ. Дәл қазіргі уақытта дәретханаға бара алмай отыр жұрт.
– Дәретхананың бәрі ашық, ыстық су бар, тек суық су жоқ. Түстен кейін сағат 4-5-те барлық қабатта су беріледі.

Директор осылай деді, ал «Астана су арнасының» апатты жою қызметі басқаша жауап қатты:
– Бейбітшілік және келісім сарайында бірнеше күннен бері су жоқ, неге?
– Авария болып жатыр. Аварияға байланысты су беру тоқтатылды.
– Су қашан беріледі?
– Белгісіз...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары