26.11.2019, 21:19

Театр және кино жұлдызы Айша Абдуллина дүниеден өтті

Коллаж: Stan.kz
Әртісті ақтық сапарға шығарып салу салтанаты 28 қараша күні сағат 9- да Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында болады.

103 жасында театр және кино майталманы, Ұлы Отан соғысының ардагері Айша Абдуллина дүниеден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы хабар жайлы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының баспасөз-қызметі мәлімдеді. 

"Айша Абдуллина 1916 жылы Алматыда дүниеге келген. Өзінің шығармашылық карьерасын Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында бастаған. 1936 жылы Мәскеуде Жамбыл Жабаевпен және Күләш Байсейітовомен бірге бір сахнада өнер көрсеткен", - делінген баспасөз хабарламасында.

Әртісті ақтық сапарға шығарып салу салтанаты 28 қараша күні сағат 9- да Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында болады.

Тегтер: драма театр