$ 494.87  520.65  4.91

Көлік өртемек болған ақтаулық қыздардың айласы жүзеге аспай қалды (ВИДЕО)

Қаскөйлер бақылау камерасына түсіп қалған. Көліктің иесі полицияға шағымданбаған, бірақ, видеоны желіге жүктеуді жөн көрген.

Ақтауда қыздар көлікті өртемек болып, онысынан түк шықпаған соң доңғалақтарды тескілеген, деп жазады zakon.kz

Қаскөйлер бақылау камерасына түсіп қалған. Көліктің иесі полицияға шағымданбаған, бірақ, видеоны желіге жүктеуді жөн көрген. 

Қастық Ақтау қаласының 21-шағын ауданында жасалған. 

25-нен 26-шы қарашаға қараған түні, сағат 03:00 шамасында екі қыз есік алдында тұрған Мерседес-Бенцке жақындап келіп, үстіне сұйық нәрсе құя бастайды. Көлік иесі болжағандай, қыздар арақ шашқан, содан кейін көлікті өртемек болған. Видеодан көрініп тұрғандай, қыздардың бұл әрекетінен түк шықпаған. 

"Сол кезде олар дөңгелектерді тескілеуге кіріскен. Біреуі тесілген, екіншісі кесілген, бампері сызылған. Полицияға бармаймын, бұл бұзақылар Интернеттен өздерін көрсін! Бұл - оларды жазалаудың ең жақсы жолы", - деді Влад (көлік иесінің өтініші бойынша аты өзгертіліп алынды - автордың ескертпесі).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары