Ақмола облысының Целиноград аудандық соты 75 жастағы зейнеткерді зорлаған ер азаматты 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Не молчи" фондының әлеуметтік парақшасында оқиға Жібек Жолы ауылында орын алған. 32 жастағы ер азамат кейуананың үйіне баса көктеп кіріп, тонап, артынша әжейге қарсы зорлық әрекеттерін орныдапты. Оған қоса қылмыскер қарияны аямай ұрып тастаған.
"Есінен таңғанша ұрып, қатты ауыртпашылық жасаған. Оның көздерін мыжып, бір сағаттан астам байқұс әжейді қинаған. Қария келесі күні таңғы сағат сегізде есін жиып, бауырына хабарласыпты. Ол өз кезегінде полицияға қоңырау шалған. Тәртіп сақшылары кейуананы ауыр жарақаттар алып, тұра алмай жатқан жерінен тауып, жедел түрде ауруханаға жеткізіпті. Оқиғаның салдарынан әжейдің көзіне қатты зақым келген, кейде талып қала береді", - деді фонды қызметкерлері.
Қатыгез азаматты 11 жылдан бас бостандығынан айырыу туралы үкім шығарылыпты. Алайда жаза өзінің ресми күшіне әлі енбеген.