Ақтөбе облысы маслихатының депутаты ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Антикоррупциялық қызметке сілтеме бере отырып.
«Стар Тайм» ЖШС коммерциялық директоры, депутат өкілеттігі мен этикасы, заңдылығы, тәртібі мен қоғаммен жұмыс жасау бойынша комиссия мүшесі, Ақтөбе облысы маслихатының депутатты антикоррупциялық қызмет ұстап, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамады.
«Айыпталушы «Аграрлық кредит корпорациясының» директорымен сыбайласып, Ақтөбе облысында орналасқан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге тиесілі 20 млн теңгені ұрлады деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеулер жүрзіліп жатыр. Бұлтартпау шарасына қатысты мәселе шешілуде. Депутатты кінәлі деп тану бойынша соңғы шешімді сот қабылдайды», - деп Антикоррупциялық қызмет хабарлады.