$ 494.87  520.65  4.91

Бейсенбі күні ауа райы қандай болады?

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты өзгерістер күтілмейді. Еліміздің басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстік, шығыс және батыс аумақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде аздаған қар жауады. Батыста – жел күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Манғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады. 

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы