1995 жылы күшіне енген Шенген келісімі өз күшін жоюы мүмкін. Independed басылымының мәліметінше, оның орнына Еуропа елдеріне ортақ шекаралық жедел әрекет ету қызметі құрылуы ықтимал.
Жаңа жыл бастала салсымен Швеция, артынша Дания үкіметі елге ағылған босқындар мәселесін шешу мақсатында шекарадан өту тәртібін күшейте бастады, деп хабарлайды Independed басылымы.
«Бақылаудың жаңаша шаралары 1995 жылғы Шенген келісімінен бас тарту ғана емес, сонымен қатар соғыс жылдарынан кейінгі солтүстік кеңестің жарлығынан бас тарту болып табылады», – деп хабарлайды басылым Independent.
Дания мен Швеция шекараларын қымтауды қолға алған алғашқы мемлекеттер емес, өткен жылдың қыркүйек айында Германия Австриямен арадағы шекараға бақылау қойғаны белгілі. Ал Еуроодаққа кірмегенімен, Шенген аймағына мүше Норвегия өткен аптада еркін аймақ елдерінен келген босқындардың елден шығарылатынын мәлімдеген болатын.
Өз кезегінде Финляндия өткен жылдың қараша айында рекордтың көрсеткішке жетіп, 206 мың босқын қабылдаған Германиядан келетін азаматтардың төлқұжаттарын қатаң теңсере бастаған.
«Бұл үрдістің алысқа баратын түрі бар. Аймақ елдері бірінен кейін бірі жарыса шекараларын қымтай бастады. Шенген келісімінің мерзімінің күшін жоюға бір себеп Еуропаға ағылған босқындар болса, екінші бір себебі терроризм қаупі», - дейді мамандар.
Төлқұжат бақылауын қалпына келтіру мәселесін көтерген Швеция өткен жылы 163 мың мигрант қабылдаған. Бұл елдегі жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша Еуропа елдерінің ішінде ең жоғарысы. Ресми түрде Таяу Шығыс елдеріне ағылған босқындарға қол ұшын беруге әзір екенін мәлімдегенімен, Стокгольм үкіметі көші-қон шараларын күшейту бойынша бірқатар шаралар қолға алуда.
Сонымен қатар Бельгия мен Нидерланды да жаңа жылды жаңа шекаралық заңмен бастап кетті.
Данияның билік партиясының босқындардан шекарадан кірер кезде шамамен 437 доллар төлеуін міндеттеу туралы ұсынысынан кейін Дат парламентінің депутаты өз қарсылығын білдіру мақсатында билік партиясынан шығып кетті.
Австрия билігі Словениямен арада 4 км аймақта шекара бекеті құрылысы шешім қабылдады. Құрылыс дайындық шаралары дүйсенбі күні басталып кетті. Бұл Шенген келісіміне мүше мемлекеттер арасындағы бірінші шекара бекеті болмақ.
2015 жылы Еуроаймаққа заңсыз түрде бір миллионға жуық босқын келген екен. Аталмыш мәселені шешу мақсатында Еуропа елдері енді біріңғай шекара қызметін құру мәселесін көтеруде.
Бауыржан Мұқанов