$ 444.22  476.38  4.82

Жас мегаполистегі жас кәсіпкер

Жыл санап қаламызда кәсіпорындармен қатар, кәсіпкерлердің де саны артып келеді. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да баршылық.

Жыл санап қаламызда кәсіпорындармен қатар, кәсіпкерлердің де саны артып келеді. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да баршылық. Соның бірі Қытайда білімін жетілдіріп, Гуанжоу қаласында кәсіппен шұғылданып келген Асхат Нұрлыбаев есімді жас кәсіпкер бүгінде қаламызда 5 жобаны қолға алып, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Procoffee» жобамызды бастадық. Әуелі көлікпен аралап сатып, кейін келе жұмысымыздың ауқымын ұлғайтуды жөн көріп, орталық аштық. Айта кетейін, біз әзірге тек ашып жатырмыз (күліп). Алғашқы жобаларымыздың қатарында «Profootball» дүкені бар. Кейінгі «Professionale» дүкеніміз, ал бейнебақылау сататын «Protech» дүкені де басты жобаларымызға енді. Pro – professional сөзінің қысқартылған нұсқасы. Яғни, халыққа сапалы, жоғары деңгейде өнім ұсыну мақсатында дүниеге келген атау болатын. Ал төртінші кәсібіміз «Sanlin» футбол мектебі. Қазіргі таңда иіс су сататын дүкен желісі мен жиһаз шығаратын цех бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жақын күндері ол да іске қосылады. Уақыт тапшылығыннан үлгеруге мүмкін болмай тұр. Бұл «Pro group» командасының атқарып жатқан жұмыстары екенін айтып өтейін» дейді жас кәсіпкер.

Асхаттың Қытайдан елге оралудағы мақсаты – қаламызды дамыту. Оған өз үлесімізді қоссақ деген ниеті бар. Осындай азаматтар Шымкент сияқты үшінші мегаполистің экономикасына зор үлес қосып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кәсіпкер