$ 444.22  476.38  4.82

Шымқаланың іргесіндегі елді мекендерді ауызсумен қамту - басты назарда

Маңызды іс-шараны жүзеге асыру мақсатында «Шымкент қаласы әкімдігінің су құбыры және канализация басқармасы» МКК сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған «2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы» бекітілген.

Шымкент қаласы мен іргелес орналасқан елді-мекендердің тұрғындары мен өзге де коммерциялық, мемлекеттік мекемелерді  сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, ағынды суларды тазарту кезіндегі экологиялық және санитарлық қауіптерді азайту негізгі қорларды техникалық жақсы жағдайда үнемі ұстауды талап етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңызды іс-шараны жүзеге асыру мақсатында «Шымкент қаласы әкімдігінің су құбыры және канализация басқармасы» МКК сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған «2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы» бекітілген.

Құжатта биыл Шымкент қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жоспарланған жұмыс көлемі 107  млн. 487 мың теңгені құрады.

2016-2018 жылдары теңгерімге қабылданған негізгі құралдар амортизациялық аударымдардың сомасын ұлғайтты, бұл инвестициялардың қаржылық көздерін 107,487 мыңнан 246,989 мың теңгеге дейін арттырды.

Тұтынушылардың жалпы саны ағымдағы жылы «суды тұтыну» бойынша 10,63 пайызға және  «су бұру» бойынша 15,05 пайызға өсті.

ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мен қалалық «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК мамандары су жүйесін жаңалау бойынша биыл атқарылған жұмыстармен тұрғындарды таныстырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауызсу