$ 494.87  520.65  4.91

Астанада тағы бір оқушы өзіне қол салып қайтыс болды

Астанадағы орта мектептердің бірінде оқыған 13 жастағы оқушы қыз көпқабатты үйдің 8-ші қаатынан секіріп қайтыс болды деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі. Оқиға Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында орын алған.

«Марқұмның кім екені анықталды, ол Астана мектептерінің бірінде оқитын 13 жастағы қыз болып шықты. Аталған факт суицид бабы бойынша тіркелді» делінген аталған хабарламада.

Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Өзіне қол жұмсаған қыз өлер алдында қоштасу хатын жазып қалдырған көрінеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары