$ 446.49  475.38  4.79

«Ақ мешіт» студенттер үйі ашылды

Мұндағы дәріс алушыларға үш мезгіл тамақ пен жатақхана қарастырылған. Студенттер үйінде барлық жағдай бар.

Шымкент қаласында тұңғыш рет «Ақмешіт» студенттер үйі ашылды. Жеке қайырымдылық мақсатта жұмыс істейтін мекеме 120 орынға лайықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұндағы дәріс алушыларға үш мезгіл тамақ пен жатақхана қарастырылған. Студенттер үйінде барлық жағдай бар.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың айтуынша, студенттер үйіне негізінен, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары қабылданады.

Мекеменің ашылу рәсіміне ҚМДБ өкілдері, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай және Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қатысты.

«Ақмешіт» жеке қайырымдылық мекемесінің директоры болып Мұхамеджан Естеміров тағайындалды. Айта кетсек, алдағы уақытта осындай тағы төрт мекеме ашу жоспарланып отыр. Бүгінде құжаттар рәсімделуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#студент