Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Парманов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2019 жылдың 10 айында Шымкенттегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 064,7 млн. теңгеге артқан.
Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 27 192,3 миллион теңгеге жетіп отыр. Ал, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,8%-ға жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша бірінші орынды иеленген (99,8%), ал жылдық жоспардың орындалуы – 102,0%.