«Бастау бизнес» жобасы түлектерінің ұйымдастыруымен аудан орталығында алғаш рет жәрмеңке өтті. Бастау жобасы бойынша оқыған болашақ кәсіпкерлер өздерінің қолдарынан келген өнімдерін жасап жәрмеңкеге шығарып, базар нарығынан төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұндай жәрмеңке ауданда бірінші мәрте ұйымдастырылып жатқандықтан жас кәсіпкерлердің тауарларын сатып алушы аудан тұрғындарының саны көп болды. Арзан бағада ұйымдастырылған жәрмеңкеде сатып алушы аудан тұрғындары тарапынан алғашқы қадамдарын жасап жатқан болашақ кәсіпкерлерге сәттілік тілеп те жатты. «Атамекен» ҰКП-ның ұйымдастыруымен биылғы жылға аудан бойынша 400-ге жуық азаматтарды оқыту жоспарланған болса, наурыз айынан бері 325 азамат оқып сертификат алған.
Жалпы аталған бұл жобаға жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен камтыған аудан азаматтары қатыса алады. Олар кәсіпкерлік негіздері бойынша 1 ай бойы білікті бизнес-тренерден білім алып жеңілдетілген несиелер (6%бен) мен гранттарға ие болу мүмкіндігін алады.
Болашақта аудан кәсіпкерлері «Бастау бизнес» түлектерінің бастап берген осы бастамасын ары қарай жалғастырады деп сенем білдіреді.
Себебі осындай жәрмеңкенің жиі жиі өткізілуі қай ауданға болса да қажет екені белгілі.