05.01.2016, 12:38

Қарағандыда екі қызды пойыз қағып кетті

Жаңа-Қарағанды станциясында орын алған қайғылы оқиға салдарынан 17 жастағы бойжеткен көз жұмып, 4 жасар қыз ауыр дене жарақаттарын алды деп хабарлайды «NеwTimes.kz».

Қарағанды қаласы көліктік прокурорының орынбасары Ерсін талкеновтың айтуынша, оқиға 2 қаңтар күні сағат 14:12-де орын алған.

"17 жастағы және 4 жасар қыз жолды қысқарту үшін вагондардың астымен темір жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде пойыз жүріп кетіп, екеуін қағып кетті. Салдарынан бойжеткен қыз көз жұмып, 4 жасар сәби ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнын қарау кезінде марқұмның қол сөмкесінен оның жеке куәлігі мен 2011 жылы туған кішкентай қыздың туу туралы куәлігі табылды" деді Ерсін Талкенов.

Кейінірек белгілі болғандай, қайтыс болған қыз сіңлісін ертіп, циркке бармақ болған екен.