$ 449.58  486.94  4.86

Қала орталығында бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады

15 жыл бойы қараусыз қалған саяжол құрылысына мемлекет бюджетінен 47 млн. теңге кетіпті.

Қала ортылығында иесі бола тұра бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады. Және ол жерлерге аллея немесе саябақтар салынбақ. Осылай деген Әл Фараби ауданының әкімі аллеялардың алғашқысын қолданысқа берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

15 жыл бойы қараусыз қалған саяжол құрылысына мемлекет бюджетінен 47 млн. теңге кетіпті. Жаңадан құрылған демалыс орнын жергілікті тұрғындармен бірге Ерлан Айтаханов та тамашалады.

Әл Фараби ауданында бұған дейін бос жатқан аллея бүгін ерекше думанды. Өйткені 15 жыл елеусіз болған бұл жер ақыры назарға түсіп, қайта жаңғырды. Енді мұндағы тұрғындар кешқұрым субұрқақ көрінісін тамашалап, түрлі түсті гүлмен көмкерілген бақта уақыт өткізе алады.

Құрылысы екі айға жалғасқан субұрқақты алғашқылардың бірі болып қала әкімі де тамашалады. Тұрғындармен кездескен Ерлан Айтаханов Шымкентте аллеялардың артатынын жеткізді. Және елді тазалықты сақтап, жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Жалпы Әл Фараби ауданы бойынша 47 саябақ бар екен. Олардан бөлек тағы 12 жер иесі бола тұра қараусыз қалған. Енді Ғабит Мәуленқұлов олардың барлығын мемлекетке өткізіп, аллеялардың қатарын көбейтуді көздеп отыр.

Ғабит Мәуленқұлов, Шымкент қаласындағы Әл Фараби ауданының әкімі: «Бүгінгі таңда өкінішке орай кейбір азаматтар қала орталығында жерді алып алған да не пайдаланбайды немесе бір құрылыс та салмайды. Бізде ондай жер қазір 12. Солар бойынша жұмыс жасап жатырмыз.Не иелері ол жерге тиісті жұмыстарын жүргізеді немесе мемлекетке бергіземіз.Және осындай гүлзар жасаймыз деген жоспарымыз бар».

Фонтанды тамашалап, жұртшылықпен кездескен атқамінерлер соңынан аллея жанына көшеттер отырғызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қала #саябақ