$ 448.15  483.46  4.86

Қала әкімі «бесқұдық тастың» жұмысымен танысты

Екі ауысымда жұмыс істейтін өндіріс орнында 40-тан астам адам жұмыс істейді.

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі - Шымкенттегі «Бесқұдық тас» зауыты. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдеп, құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған зауыттың тыныс-тіршілігімен бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып танысып, жұмысшылармен жүздесті. Зауытта дайындалған травертин құрылыс материалы бүгінде Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне қолданылып келеді.

Мәселен, қаладағы Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үйдің қасбетін аталмыш мекеме өз есебінен көркейтіп берді.

Екі ауысымда жұмыс істейтін өндіріс орнында 40-тан астам адам жұмыс істейді. Нысан басында жатақхана, асхана, тағы басқа да орындар бар - жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы жан-жақты қарастырылған.

Мұнда Түркия мен Қытай мемлекеттерінің озық үлгідегі жабдықтары мен техникалары пайдаланылады. Барлық жұмыстар автоматтандырылған.

Айта кетейік, зауыт 2018 жылдан бері жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зауыт