$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттік білікті дәрігерлер өзбекстандық дәрігерлермен тәжірибе алмасады

Екі жақты келісімнің мақсаты - Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев және Өзбекстан мемлекетінің Самарқанд облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Давранбек Жуманиязов екі жақты мемморандумға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі жақты келісімнің мақсаты - Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Ең бастысы мегаполис дәрігерлерінің біліктіліктерін артырып, тәжірбие алмасу болып табылады.

Айта кетейік, бұл мемморандум Қазақстанның Өзбекстандағы медицина күндері аясында түзілді . Сондай-ақ ауқымды шара аясында шет елдік медициналық ұйымдар және жоғары оқу орындары арасында келісім жасалды. Өзбекстан мемлекетіндегі Қазақстан медицина күндері екі күнге жалғасады. Ташкент қаласында өтіп жатқан ауқымды шараға Шымкент қаласынан денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдувалиев бастаған бір топ делегат қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігерлер