$ 447.4  477.55  4.76

Шымкенттегі ескі қалашық ашық аспан астындағы мұражайға айналады

Аумақ тарихи мәдени орын болғандықтан 50 метрге дейін құрылыс салуға болмайды.

Шымкенттегі ескі қалашық бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Цитадель» қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының қызықты орындарының біріне айналатан болады. 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы жылнамасына енген. Бүгінгі таңда аталған нысанда археологиялық қазба жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Нәтиже де жоқ емес.  Жерасты қаласында археологтар көптеген тарихи жәдігерлер тапты. Көлемі 4 гектарды алып жатқан үйіндінің астында не барын ғалымдыр дөп басып айта алмайды. Дегенмен, табылған кейбір заттар 4 ғасырға тиесілі дейді.

«Соңғысы 19 ғасырдағы үйлердің белгілері және мал сүйегі мен қыш құмыралардың сынығынан салынған екі көше» деді мамандар .

Жанна Сүлейменова археолог: «Алғаш ескі қалашықтағы қазба жұмыстары 2003 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында басталған. Соңғы үш жылда жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Мынау орын бұрынғы үйлердің белгісі. Әр бөлмеде астық сақтайтын ыдыстар бар екені көрініп тұр. 19 ғасырдағы  тұрмыс тіршілігі байқалады.

Аумақ тарихи мәдени орын болғандықтан 50 метрге дейін құрылыс салуға болмайды. Бүгінде қалашықтың маңындағы сауда нысандары бұзылып, аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, ескі қалашық ашық аспан астындағы мұражай болады».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ескі үй