$ 494.87  520.65  4.91

Жастар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Ойынның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта «Брейн-ринг» зияткерлік ойынын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойынның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету болып табылады.

6 колледжден құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білуге, танымдық, парасаттылық сұрақтары мен белгілі тұлғаларды танып-білу бойынша білімдері тексерілді. Озық ойлы жастар бәсеке барысында білгірліктерін байқатты.

Зияткерлік ойынға қатысушыларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ішкі саясат және дін істері басқармасының, «Серпіліс» қоғамдық қорының, Арнайы мониторингтік топ өкілдері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі мен журналистер әділ бағасын берді.

Брейн-ринг қорытындысымен 1-орынды №4 Байланыс және энергетика колледжінің «Энергетик» командасы, 2-орынды «Мирас» колледжінің «Мирас» командасы, 3-орынды «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің » Адал ұрпақ» командасы иеленді.

Жеңімпаздар «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында өтетін Форумда марапатталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жастар