$ 498.34  519.72  4.85

Қаржыгерлер құрметке бөленді

Мерекелік шара аясында табысты еңбек етіп, жұрт ризашылығына бөленген бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен және аудандық мәслихаттың грамотасымен марапатталды.

Бүгін Ұлттық валюта күні мен қаржыгерлердің кәсіптік мерекесі аталып өтілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев «Ұлттық валюта тәуелсіз еліміздің белгісіне айналып, егемендігімізді тұғырлы етті. Ұлттық валюта енгізіліп қана қоймай, еліміздің барлық қаржылық жүйесін бекітуге күш салынды. Мұның бәрі тәуелсіздігімізді одан әрі бекемдеді. Бұл шаруаларды тыңғылықты етуде қаржы органдары қызметкерлерінің үлесі зор. Сіздердің жұмыстарыңыз қашанда жеңіл болған емес, ол үлкен зияткерлікті, моральдық және эмоционалдық қажырлықты талап етеді.

Сіздердің адал қызметтеріңіздің арқасында бүгінде мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, ел экономикасының барлық саласында тұрақтылық сақталған», - деп құттықтауын жеткізді.

Мерекелік шара аясында табысты еңбек етіп, жұрт ризашылығына бөленген бірқатар сала қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен және аудандық мәслихаттың грамотасымен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қаржы