$ 494.87  520.65  4.91

Әлемнің ең бай 5 адамы бір күнде 8,7 млрд долларын жоғалтты

4 қаңтар күні әлемдегі ең дәулетті бес адам қор нарығының құлдырауы салдарынан өз байлықтарының 8,7 миллиард долларынан айрылған. Бұл жайында Insider.pro порталы Bloomberg Billionaires Index басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ең үлкен шығын Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың еншісінде. Ол 2016 жылдың бірінші сауда күнінде 3,7 миллиард долларынан айрылды. Өйткені, Безосқа тиесілі акциялар 5,8 пайызға арзандап кеткен. Салдарынан, оның жиған дәулеті 56 миллиард долларды құрап отыр.

Испандық миллиардер Амансио Ортеганың да жоғалтқаны аз емес. Оған тиесілі Inditex SA сәнді киімдер желісінің акциялары 3,5 пайызға арзандаған. Салдарынан Ортеганың 2,5 миллиард доллары желге ұшты.

Ал, Berkshire Hathaway компаниясының бас директоры Уоррен Баффет, мексикалық кәсіпкер Карлос Слим және Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтске келтірілген шығын көлемі 2,5 миллиард долларды құраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары