$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қысқа дайын

Ал республикалық маңызды жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде жедел медициналық көмек көрсететін 3 жол медициналық-құтқару пункті бар.

Үшінші мегаполистегі жол-пайдалану техникасының қыстағы төтенше жағдайларға дайындығы, арнайы техниканың техникалық жай-күйі және құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық деңгейі қандай? Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерғали Бахаев және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алдағы қыс маусымында төтенше жағдайларға байланысты ТЖД 49 техника және жеке құрамнан 297 адам дайындыққа келтірілді. Оның ішінде «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінен 30 техника және 200 маман, жедел-құтқару жасағынан 17 техника және 90 адам, медицина апаттары орталығының филиалынан 2 техника және 7 адам бар", - деді Ерғали Бахаев.

Ал республикалық маңызды жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде жедел медициналық көмек көрсететін 3 жол медициналық-құтқару пункті бар. Ал қалалық полиция департаменті ауа райы нашарлаған жағдайда Шымкент-Алматы, Шымкент-Ташкент және Шымкент-Қызылорда секілді 3 бағытта жол қозғалысын тоқтата алады.

Қала көшелерін қардан тазалау және құм себу жұмыстарына 4 мердігер мекеме - «ЛТД Тұрмыс», «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NURTAU servis» ЖШС жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға жалпы саны 151 техника мен 1181 жеке құрам дайындыққа келтірілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент