Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан шалғай жатқан шағын аудандардағы жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мобильді топ» құрылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Топ негізгі 4 бағытта жұмыс жүргізуде: талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, психологиялық көмек және аутрич, NEET жастармен жұмыс бағыттары.
Бұл топтың артықшылығы, шалғай орналасқан шағын аудандардағы жастар орталыққа келмей-ақ, өздеріне қажетті мәліметтер мен көмектерді толықтай ала алады, сондай-ақ, олармен түрлі деңгейдегі ашық сұхбат алаңдарын құру арқылы, жастардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігі арта түспек. Мобильді топ бойынша 1000-ға жуық жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.