$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте субұрқақ пайдалануға берілді

Мердігерлер гүлзардағы 2500 шаршы метрден астам жерді көгалдандырып, 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын төседі.

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан гүлзар қайта абаттандырылып, ондағы субұрқақ пайдалануға берілді. Қала орталығында орналасқан субұрқақтың ашылу салтанатына шаһар басшысы Ерлан Айтаханов қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

«Шымкент – қайырымды қала! Қаламыз бүгінгі күнде қарқынды дамуда. Маңызды қала мәртебесіне иеленген соң қала тазалығы, тұрғындардың әл-ауқаты, сапалы өмір сүруі басты назарда. Қоршаған ортаға мейіріммен қарап, қаланың тазалығына барынша көңіл аударуымыз қажет. Ол іске қаланың әр тұрғынын шақырамын», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Мердігерлер гүлзардағы 2500 шаршы метрден астам жерді көгалдандырып, 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын төседі. Тамыз айында басталған абаттандыру жұмыстары бүгінде толығымен аяқталды.
Ахмет Байтұрсынов көшесі мен Төлеген Тәжібаев көшесі қиылысында орналасқан гүлзардың негізі 2004 жылы қаланған. Арада 15 жыл өтіп, 2019 жылы қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Аталған субұрқақ өз кезегінде Шымкент қаласының өзіндік келбетін сипаттайтын және қала тұрғындарының көпшілік демалушыларына ыңғайлы орта құру мақсатында салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мердігер