Жаңалықтар 28.11.2019 сағат 16:45

Мешітте садақаны терминал арқылы беруге болады

Қаржылық ашықтықты қалыптастыру мақсатында және қолма қол қаржыдан арылып, еліміздің мешіттерінде жаңа заманауи терминалдар орнату үшін жүргізіліп жатыр.
Мешітте садақаны терминал арқылы беруге болады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордадағы «Әлжан ана» мешітінде садақа салуға арналған электронды терминал іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, мешіт имамдары және Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты. 

«Бұл игі бастаманы «Әлжан Ана« мешітінен бастап жатырмыз. Мемлекет тарапынан біз осындай ашықтықты әрдайым қолдаймыз. Бұл жалпы Мұсылмандар діни басқармасының беделін арттыруда. Бұл ашықтық пен сенімділіктің белгісі», - деді министр Дәурен Абаев. 

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, еліміздің барлық мешіттерінде осындай игі бастама көтеріліп отыр. Бұл қаржылық ашықтықты қалыптастыру мақсатында және қолма қол қаржыдан арылып, еліміздің мешіттерінде жаңа заманауи терминалдар орнату үшін жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, елорданың 12 мешітінде садақа салатын «QIWI» электрондық терминалы орнатылды. Облыс орталықтары мен республиканың барлық мешіттерінде аталған терминалдарды орнату жұмысы жүргізілуде. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар