Аталған жұмыс сапары барысында Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыру және өз уақытымен аяқтау керектігін айтып, қатаң тапсырма берді.
Айта кетейік, «Цитадель» алдағы уақытта Шымкенттің негізгі туристік орындарының бірі болғалы тұр. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтереді. Сонымен қатар, «Қайырымды қала» тұрғындары мен қонақтары ескі қалашықтан табылған жәдігерлерді де көре алатын болады.