$ 498.34  519.72  4.85

«Цифрлы Қазақстан» жобасы жемісті жүзеге асып келеді

«Цифрлы Қазақстан» жобасы жемісті жүзеге асып келеді. Бір ғана Шымкенттің өзінде білім, денсаулық сақтау, сәулет және қала құрылысы сынды әлеуметтік маңызы бар салалар түгел автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр.

«Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және Смарт Шымкент даму стратегиясы соған негіз бола алады. Мегаполисте өткен II-ші қаралық форумда ІТ технологияның қыр-сыры талқыланды, -деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі. Технологиялық мәдениет кезеңі. Айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне мұқият зер салатын уақыт. Қоғам дамыған сайын инновация игілігін игеру де күн тәртібінен түспей келеді.

 «Форумға қатысушыларға сәттілік тілеймін. Біздің Шымкент қаласы да заман ағымымен бірге дамып келеді. Миллионды қаланың цифрландыру жобасындағы жемісті жұмыстары баршылық...» - деді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов.

Форумда шетелден келген ІТ мамандар өздеріндегі жемісті жобаларды таныстырды. Өзара тәжірибе алмасып, саладағы өзектілерді бірлесіп шешуге ынталы екендіктерін жеткізді.

Цифрландыру саясаты сан саланың ісін ілгерілетті. Ең бастысы - қоғам қағазбастылықтан арылып, жұмыс жеңілдейді. Айталық, қазір әрбір ата-ананың балабақша кезегі мен мектептің жағдайын ақпараттық жүйеден көруге мүмкіндігі бар. Науқастар бұрынғыдай ұзын-сонар кезек күтіп тұрмайды. Дәрігер қабылдауына онлайн түрде тіркеліп, уақытын үнемдей алады. «Ал, қала көшелеріне қойылған «Сергек» бейнебақылау камералары құқықбұзушылықтың алдын-алуға үлкен көмегін тигізіп жатыр»,- дейді, нұрсұлтандық қонақтар.
 «Қазір еліміздің бірқатар қалаларында Сергек камераларын орнаттық. Бұл әрине, мақтанатын жетісті. Өйткені, олар арқылы қылмыс азайып отыр» - деді «Сергек» жобасын жасаушы компания өкілі Дамир Башенов.

Форум барысында осы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың тиімді тетіктері мен «Ақылды қала» жобасы талқы таразысына түсті. Шешімін күткен мәселе де жоқ емес. Олқылықтың орнын толтыру үшін білікті мамандар өз ұсыныстарын жеткізіп, орамды ойларын ортаға салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент