Жастар- жарқын болашақтың кепілі. Білім мен ғылымның дамыған заманында бүгінгі ұрпақ жаңа технологияны жетік меңгере білуі қажет. Осы мақсатта Түлкібас ауданында цифрландыру бағдарламасы негізінен 5 салада қарқынды жүргізілуде. Олар білім, денсаулық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және қауіпсіздік. Ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқыту мақсатында А. Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі пилоттық жоба ретінде алынған еді. Нәтиже жаман емес, дейді ұстаздар.
Өңірдегі цифрландыру үрдісі Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы аясында қолға алынған. Алдағы уақытта білім ұяларында оқушыларға соңғы ақпараттық техналогияларды меңгеруге бағытталған кабинеттер ашылу жоспарланған.