$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «Таза қала» акциясы басталды

Акцияға қатысуға өтінім бергендердің бірі, Әл-Фараби ауданына қарасты Әлімбетов көшесі 45 «в» үйдің ауласы. Көпқабатты үйдің тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін, автоқақпа мен арнайы камера орнатқан.

Шымкентте дәстүрлі «Таза қала» акциясы басталды. Байқауға қала аумағындаңы аула және көше атынан үй төрайымдары мен комитет төрағалары қатысуға құқылы. Бүгіннің өзінде 4 ауданнан 200-ден астам өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Акцияға қатысуға өтінім бергендердің бірі, Әл-Фараби ауданына қарасты Әлімбетов көшесі 45 «в» үйдің ауласы. Көпқабатты үйдің тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін, автоқақпа мен арнайы камера орнатқан. Жан-жағын қоршап, 5-6 жыл бұрын ағаш көшеттерін отырғызған.

Ал, Отырар ауданы 11 үйдің үй төрағасы да жүлделі орыннан дәмелі. Акцияға 5 жылдан бері белсенді қатысып келеді. Олар былтырғы конкурста айтылған сын-ескертпелерді түзепті.

Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - қаладағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру болатын. Тұрғындардың тазалыққа шақыра отырып, оларды ынталандыру еді. Ол үшін 4 млн теңге бөлінген.

Нәтиже, желтоқсай айында белгілі болады. Айта кетейік, жеңімпаздар анықталғанға дейін комиссия мүшелері аудан көлемін, өтініш тапсырған көше мен ауланы 2 рет тексеруі тиіс. Сайыстың барынша әділ өтуі үшін БАҚ өкілдерін арнайы қатыстырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қала #акция