Орталықта бір мезетте 100-ге жуық спортшының жаттығу жасауына толық мүмкіндіктер қарастырылған. Заманауи кешенде бір спорттық ойындар өткізетін және екі күрес залы бар. Нысан "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының демеушілігімен салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Компания бұдан бөлек Рухани астанада бірқатар спорт кешендерін салып жатыр. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Арман Жетпісбаев кешенінінің жергілікті жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға мол септігін тигізетінін тілге тиек етті.