$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте қызықты сәулет туындысы орнатылды

Аталған ақпаратқа сүйенсек, бір шоқ дала қызғалдақтарын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды.

Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» деп аталатын инсталляция орнатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл ақпарат Instagram желісіндегі visit_shymkent_kz парақшасында жарияланды. Аталған ақпаратқа сүйенсек, бір шоқ дала қызғалдақтарын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды. Сондай-ақ, инсталляция адам мен табиғаттың бірлігін, ал әсем гүлдер тарихи тұрғыдан қызғалдақтар алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірінде пайда болғанын меңзейді.

«Қаланың жаңа әшекейлері туризм басқармасының тапсырысы бойынша орнатылды. Инсталляция авторлары – мүсінші, публицист, Қазақстан суретшілер Одағының Жамбыл филиалының төрағасы Айдархан Сихаев және мүсінші, атақты кино қоюшы-суретші Сергей Копылов», - делінген аталған жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сәулет