$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 2012 жылы түрмеден қашқан қылмыскер полицияға өзі келді

Шымкентте 2012 жылдың шілдесінен бері іздеуде жүрген сотталушы өз еркімен құқық қорғау органдарына келді. Бұл туралы ҚР ІІМ-не қарасты қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2012 жылы шілдеде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған 27 жастағы ер адам Шымкент қаласындағы ИЧ-167/10 түзету мекемесінде жазасын өтеуден жалтарып, жұмыс нысанынан өздігінен кетіп қалғаны анықталды. Сол кезден бастап ол іздеуде болған» делінген хабарламада.

Қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары