$ 498.34  519.72  4.85

«Ислам мемлекетінің» содырлары тағы бір журналисті өлтірді

«Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары журналист Рукия Хассанды (Ruqia Hassan) өлтірді. Бұл жайында Syria:direct - сириялық журналистер ұйымы хабарлады. Олардың мәліметінше, Хассан қазан айынан бері содырлардың қолынан қаза тапқан бесінші журналист.

Журналист қыз Raqqa is Being Slaughtered Silently («Ракканың үнсіз жойылуы») тобымен тығыз жұмыс істеген. Кей кездері Нисан Ибрагим (Nisan Ibrahim) деген лақап атпен түрлі мақалалар жазып тұрыпты. Ал, содырлар басып алған аймақтың күнделікті өмірі жайлы өзінің әлеуметтік желідегі мақалаларында белсенді жазған.

Содырлар болса, Хассанды тыңшылыққа қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кестік деп отыр. Бұл туралы қыздың отбасына арнайы хабарлама да жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары