Рейдтік шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК қалалық филиалымен бірлесе ұйымдастырылды.
Арнайы қатысқан Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Тұрханов, Орталық басшысы М.Дүйсебеков, сала мамандары мен БАҚ өкілдері жол сапасымен танысты.
Бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп, арнайы аппаратпен оның құрамы мен стандарты сараланып, жолдың ені де назардан тыс қалмады.
Бүгінгі таңда Жоба аясында 10-ға жуық рейдтік шара ұйымдастырылып, 62 бұзушылықтар анықталған, оның 32-і қалпына келтірілген. Шымкенттік жолдардың сапасына бақылау жүргізу жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады.