$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Айтаханов тас өңдейтін зауыттың жұмысымен танысты

Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі – Шымкенттегі «Бесқұдық тас» зауыты. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдеп, құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады.

Шымкент қаласының әкімі «Бесқұдық тастың» жұмысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың бірі – Шымкенттегі «Бесқұдық тас» зауыты. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 350 мың шаршы метрге дейін тас өңдеп, құрылысқа қажетті түрлі пішіндегі материалдар шығарады.

Аталған зауыттың тыныс-тіршілігімен қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып танысып, жұмысшылармен жүздесті. Бүгінде зауытта дайындалған травертин құрылыс материалы Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетіне қолданылып келеді. Мәселен, қаладағы Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үйдің қасбетін аталмыш мекеме өз есебінен көркейтіп берген.

Сондай-ақ, екі ауысымда жұмыс істейтін өндіріс орнында 40-тан астам адам жұмыс істейді. Нысан басында жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қарастырып, жатақхана, асхана және тағы басқа да орындар салынған.Сонымен қатар, мұнда Түркия және Қытай мемлекеттерінің озық үлгідегі жабдықтары мен техникалары пайдаланылады. Барлық жұмыстар автоматтандырылған.

Айта кетейік, зауыт 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары