$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте аллеялар саны тағы біреуге артты

Шымкентте қала тұрғындары тынығатын аллеялар саны тағы біреуге артты. А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан гүлзар араға 15 жыл салып қайта қолданысқа тапсырылды. Жергілікті тұрғындардың қуанышымен қала әкімі Ерлан Айтаханов та бөлісті, - деп хабарлайды Sn.kz.

А.Байтұрсынов көшесі мен Т.Тәжібаев көшесі қиылысында аталған  гүлзардың негізі 2004 жылы қаланған еді. Араға 15 жыл салып, 2019 жылы қайта құру жұмыстары жүргізілді. Гүлзардағы 2500 шаршы метрден астам жер көгалдандырып, 1400 метрге жаяу жүргіншілер үшін жол төселген. Ағымдағы жылдың тамыз айында басталған абаттандыру жұмыстары бүгінде толығымен аяқталды. Бұрынғы субұрқақ та қайта қалпына келтіріліпті.

«Шымкент – қайырымды қала! Қаламыз бүгінгі күнде қарқынды дамуда. Маңызды қала мәртебесіне иеленген соң қала тазалығы, тұрғындардың әл-ауқаты, сапалы өмір сүруі басты назарда. Қоршаған ортаға мейіріммен қарап, қаланың тазалығына барынша көңіл аударуымыз қажет. Ол іске қаланың әр тұрғынын шақырамын» деді қала әкімі.

Шара соңында қала әкімі мен мәслихат депутаттары көшет ағаштарын отырғызды. Тұрғындармен естелікке суретке түсті.Аталмыш гүлзар көпшіліктің дем алатын сүйікті орындардың біріне айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент