22.11.2019, 17:22

Шымкентте 200-ге жуық тұрғынның өтініші қаралды

Аталған лауазымды тұлғалар бұл күні 200-ге жуық азаматты қабылдап үлгерген. Ал осы күні қабылдауға кіруге үлгермеген азаматтар қосымша келесі аптада қабылдауға кіретін болады.

ҚР Президентінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру бойынша ел бойынша «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осының аясында бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов пен аудан әкімдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аталған лауазымды тұлғалар бұл күні 200-ге жуық азаматты қабылдап үлгерген. Ал осы күні қабылдауға кіруге үлгермеген азаматтар қосымша келесі аптада қабылдауға кіретін болады.

Сағат таңғы 09.00-ден кешкі сағат 21:45-ге дейін қала әкімі 56 азаматты қабылдады. Бүгінгі таңда проблемалар мемлекеттік бағдарламалар аясында шешіліп отыр. Дегенмен, шешімін таппай жатқан мәселелер де баршылық. Осының бәрін тұрғындардың аузынан естіген шаһар басшысы көтерілген әр мәселе заң шеңберінде қаралып, шешілетінін атап өтті.

Қабылдауда Ерлан Қуанышұлы тұрғындармен ашық диалог құрып, Шымкенттің алдағы даму жоспарымен де бөлісті. Сондай-ақ, азаматтардың қаланы дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар тарапынан ең көп жолданған сауалдардың бірі тозығы жеткен жол мен қоғамдық көлік және жылу мәселесіне қатысты болды. Бұдан басқа ауызсу, газ, баспана кезегі мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, әкімге жұмысқа орналасу жөніндегі сұрақтар да қойылды. Қала әкімі Е.Айтаханов әр тұрғынның сауалын тыңдап қана қоймай, оларды шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Тегтер: өтініш