$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда жас жігіт пойыз келе жатқан уақытта рельске есінен танып құлап кетті (ВИДЕО)

Куәгерлердің бірі пойыздың тоқтауын сұрап, қолын көтереді.

Алматыдағы метро станцияларының бірінде ер адам рельске құлап түсті. Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды. 

Кадрдан бірнеше адамның платформада пойыз күтіп тұрғанын көруге болады. Кенеттен жігіттің бірі белгісіз себеппен артқа шегініп, рельске құлап кетеді.

Куәгерлердің бірі пойыздың тоқтауын сұрап, қолын көтереді. Пойыз тоқтаған бойда, ер адамды құтқаруға кіріседі.

Оқиға метрополитеннің баспасөз қызметінің мәліметінше,  27 қараша күні кешке Байқоңыр станциясында болған.

Жігіттің есінен танып, жолға құлап кеткені белгілі болды. Кейін ауруханаға жеткізілді. Жарақат алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы