$ 494.87  520.65  4.91

Қаңқасы қалған қаңғыбас ит 2 жылда адам танымастай өзгерді (ФОТО)

Луи үнемі өткен-кеткеннен таяқ жеп, әбден зәбір көрген.
Фото: Life.ru
Фото: Life.ru

Шотландияда Луи есімді қаңғыбас ит 2 жыл ішінде адам танымастай өзгеріп, жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды  Life.ru.   

Луи үнемі өткен-кеткеннен таяқ жеп, әбден зәбір көрген. Алайда оның өмірін бір отбасы 180 градусқа өзгертті. 

Оған Ұлыбританияның солтүстігіндегі иттерге арналған хоспис жетекшісі Элизабет Белл көмектесті.

Әйел адам төбет үшін арнайы Македонияға келген.

"Иттің жағдайы тәуір бола бастағанда, ол үйін тапқысы келеді деп ойладым. Сондықтан оған кез келген жағдайда көмектесуге тырыстым", - дейді Элизабет.

Лиу адамдардан әбден зәбір көрсе де оларға кек сақтамаған, керісінше оларды жақсы көруі Элизабетті қуанышқа бөлеген.

Луиді жаңа есімі Бен. Төбет қазіргі уақытта Шотландияда өмір сүріп жатыр. Бүгінде оның жағдайы өте жақсы. Түскен жүндері қайта шығып, салмағы 50 келіге жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары