«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
29 қарашада Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Осы күні Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы ытимал.
Ескертудің дөп келу ықтималдығы 85-90%. 29 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, үш күн бойы жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады.
Ескертудің дөп келу ықтималдығы 95-100%. 29 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с-ке жететін жел еседі.
Осы күні түнде Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с болуы мүмкін. Ескертудің дөп келу ықтималдығы 90-95%.