Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке барды.
Бұл туралы бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter -дегі парақшасында жазды.
«Ташкентте Елбасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысады. Әуежайда Н.Назарбаевты Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды», деп жазды баспасөз хатшысы.