$ 494.87  520.65  4.91

«Мал екенсіңдер»: Ақбота Керімбекова журналист қызды қарғап тастады

Даудың басы Ақбота Керімбекованың тұрмысқа шығуы туралы әңгімеден басталды.
Коллаж: Skifnews.kz
Коллаж: Skifnews.kz

Ақбота Керімбекова мен журналистің арасындағы текетірес көпшілікке мәлім болды. Әнші журналисті жалған ақпарат бердің деп айыптады. 

Даудың басы Ақбота Керімбекованың тұрмысқа шығуы туралы әңгімеден басталды. Бұл туралы ShowNewsKZ арнасы хабарлаған еді. Танымал әнші Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісті.

Әнші төртінші мәрте тұрмыс құруды жоспарлап жатпаса да, жалғыз еместігін айтып қалды. 

Алайда "Ақбота Керімбекова тағы да келін атанбақ" деп жар салғаны үшін журналиске ашуын төкті. Әншінің жазғанын аталған арна желідегі парақшасында жариялады. 

"Ел алдында жарқырап жүретін әншілердің шынайы бет-жүзін көріңіздер. Мында қазақтың әншісі Керімбекованың сөзі", - делінген хабарламада. 

"Мен саған тағы айтам, тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқпын. Ұятсыз. Мал екенсіңдер. Бақытсыз болып өт, санасыз. Өшір дедім, соңғы сөзім. Әйтпесе, ертең басқаша болады. Қарғысыма қалғың келмесе, бәрін өшір", - деп жазады әнші жауабында. 

Әнші өз парақшасында журналистер қауымына ренішін жеткізіп, халықты барлық ақпаратқа сене бермеуге шақырған. 

"Мен тек өзімнің жалғыз еместігімді айтқан едім. Ал мені төртінші рет тұрмыс құрып жатыр деп шуылдап жатыр. Түймедейді түйедей етеді. Ақ-қарасын білмей жатып, барлық ақпаратқа сене бермеңіздер", - дейді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары